НАРТАЙ АРАЛБАЙҰЛЫ


2 минуты чтения
НАРТАЙ АРАЛБАЙҰЛЫ

Биыл Парламент Мәжілісі депутаттарының қатарына бірталай жастар қосылды. Олардың қызметі Парламент институтына жаңа мүмкіндіктер береді.

Нартай Аралбайұлы – танымал журналист және Парламент Мәжілісінің депутаты.

Бірқатар телеарналардың тілшісі ретінде бастаған Нартай кейін «Мәселе», «Шаңырақ», «Ашық алаң» сияқты  үлкен бағдарламалардың жүргізушісі болды.

Аналитикалық телебағдарламаларды жүргізу үшін ақпаратты толық және әділ жеткізуді білу керек. Бірақ, телераналардағы эфир уақыты әлеуметтік желілерге қарағанда шектеулі.

Осылайша, 2020 жылы Нартай Аралбайұлы өзіннің Youtube-арнасын ашады.

Өз журналистік қызметін әлеуметтік желілерде жалғастырған кейіпкеріміз пайдаланушылары арасында тез танымал болды.

Өзекті мәселелерді жан-жақты талдау үшін депутаттар да, сарапшылар да тартылады. Ал оның exclusive-сұхбаттары миллиондаған қаралымдар жинайды.

Ең танымалдары –  имам Нұрлан Байжігітұлымен салафизм мен ислам мәселелері, әртіс және қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан, Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің депутаты Серік Әбдірахмановпен саяси өзгерістер туралы сұхбаттар.

2023 жылғы наурыз айында Н. Аралбайұлы депутат атанды. Бұл шешім туралы ол былай айтты:

Елдің, халықтың жоғын жоқтайтын, мұның билікке жеткізетін депутат болғым келеді…

Мен өзім журналиспін. Министрлер, одан да жоғары лауазымды тұлғалар кейде келмей жатады сұхбатқа. Халықтың, елдің мұның айтайын десек, алдымызға жетпей жатады.

Ал депутат болсан Мәжіліске келеді ғой. Ресми сұрау жазуға мүмкіндігін бар. Осы бір түйіткілерді пайдалану ғана. Мансаб емес”.

Парламент қабырғаларында Н. Аралбайұлы жиі көтеретін екі мәселе бар.

Біріншіден, ол тауарлардың қымбатшылығы мен елдің әлеуметтік әлжуаздығы.

Бергі уақытта соған әкелетін құмар ойындар мәселесі де, жұмыссыздық та жиі айтылып жатыр.

Екіншісі – ол ұлттық пен отбасылық құндылықтар.

Жақында депутат бала құқықтарын қорғау мәселесіне қатысты заң жобасының Баланы қабылдайтын кәсіби отбасылар бастамасын сынады.

“Психологиялық даярлықтан кім өткізеді? Арнайы орталықтар бар ма? Оны лицензиялаймыз ба? Қазір елімізде отбасылық психологтар жетпейді. Жоқ десек болады. Елдің бәрі TikTok-қа, Instagram-ға шығатын кәсіби психологтарға айына 200 мың-300 мың теңге төлеп, отбасын сақтап, ажырасып кетпес үшін барып жүр. Кәсіби отбасыларды кім оқытады? Қандай орталықтар болады? – деген пікір білдірді депутат.

“Тіл – қылыштан да өткір” деп бекер айтпаған.

Парламент Мәжілісінің қатарында Нартай Аралбайұлы сияқты басқа да журналист-депутаттар бар. Журналистика саласында жиналған тәжірибеге сүйене отыра, олар шенеуніктерді әрқашанда қиын сұраққа жауап беруге дайын болуды үйретеді.

Мұны біз Ермұрат Бәпидің де, Мақсат Толықбай пен Никита Шаталовтың үлгісінде көріп отырмыз


Рекомендуемые новости