Қазақстан мен Әзірбайжан. Тарихымыз бен тағдырымыз ортақ
Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасын ортақ мәдениет пен дәстүрлер, экономикалық ұқсастық біріктіреді. Біздің елдеріміз түркілерден шықты, ал экономикаларымызды мұнай, табиғи ресурстарды сату мен логистика қозғайды.
24 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның Орталық Азия елдері экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының (СПЕКА) саммитіне қатысу үшін Бакуге жұмыс сапарымен келді.
Осы сапар аясында SAYASAT.KZ біздің елдеріміздің қарым-қатынастарын зерттеді.
…
Экономика
Тауар айналымы туралы айтатын болсақ, 2022 жылы мемлекетаралық тауар айналымы $461,9 млн құрады. Бұл ретте Қазақстан экспорты осы кезеңде 30,4%-ға өсіп, $375,3 млн құраса, Әзербайжаннан жасалатын импорт 95,2% өсіп, $86,6 млн болды.
Қазақстанға Әзірбайжаннан электр тауарлары, алкоголдік ішімдіктер, жемістер мен көкөністер келеді. Қазақстан өз қатарында оларға темір жол локомотивтері, темір, болат пен ұн сатады.
“ТРАСЕКА”, “Каспий бестігі” су-көлік құралдарымен Еуроодақ елдеріне мұнай мен табиғи ресурстарды жеткізуге мүмкіндік береді.
Қазақ мұнайын “Баку-Тбилиси-Джейхан” мұнай құбыры арқылы тасымалдау «ҚазМұнайГаз» мен SOCAR арасындағы келісім бойынша жүзеге асырылуда, әрі онда жылына 1,5 млн. тонна мұнай транзиті қарастырылған. “Еуропа, Кавказ, Азия” көлік дәлізі жобаларының арқасында 15 елдер ішінде жүктерді бір ғана құжатпен жеткізуге болады.
Дәстүрлі экономика тұрғысынан қараса, біз тікелей бәсекелес болу керек едік. Бірақ парадокс, біздің көлік және энергетикалық инфрақұрылым бір-бірін толықтыра бастады.
…
Әріптестік
Қазақстан мен Әзірбайжан республикалары көптеген саяси, экономикалық ұйымдар мен қауымдастықтардың мүшесі болып келеді. Олардың ішінде:
- Біріккен Ұлттар Ұйымы;
- Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы;
- Ислам ынтымақтастығы ұйымы;
- Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес;
- Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі;
- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы;
- Экономикалық ынтымақтастық ұйымы;
- ТҮРКСОЙ.
…
Мәдениет
Түркітілдес елдердің мәдениеті мен дәстүрлері бір-біріне ұқсас екені бәрімізге мәлім.
Мысалы, қазақ фольклорінде аңызға айналған “Қорқыт ата” әзірбайжандық “Китаб-и дәдем Коркут ғали лисан таифа оғузан” эпосының да басты кейіпкері. Осы эпоста оғыз тайпаларының қазіргі Әзірбайжанға қоныс аударуы, Қорқыт ата туралы ертегілер мен аңыздар жазылған.
Кітаптың 1300 жылдығы 1999 ж. ЮНЕСКО тарапынан халықараралық деңгейде атап өтілді.
…
Диаспоралар
Әзірбайжанның батысында Қазах ауданы бар. Түркітанушылардың пікірі бойынша, сол аудан тұрғындарының келбеті, дәстүрлері мен тамақтары қазақстарға қатты ұқсайды. Олардың “гұрұтту хәнгәл” қазақтың бешбармағына ұқсас, көкпар ойыны бар. Аудан тұрғындарының лексикасында “ң” дауысы бар.
Қазақстанда 100 мың әзірбайжан тұрады. Олардың басым көпшілігі оңтүстік облыстарда туды.
…
Басшыларымыздың пікірлері
24 қарашада екі мемлекеттің басшылары Бакуде кездесті.
“Біздің арамызда ешқандай түйткілді мәселе жоқ. Біз – шынайы стратегиялық серіктеспіз, тіпті, Каспий теңізінің екі жағын мекен еткен көршілерміз”– деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
“Біз екі мемлекет арасындағы өзара ықпалдастықтың ең жоғары деңгейіне жетіп отырмыз. Бұл – тәуелсіз ел ретінде даму тарихымыздағы айтулы оқиға және халықтарымыз арасындағы байланыстардың рухы мен сипатына сай келеді. Мұның солай болатын жөні бар”- деді Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев.