Тілектес Адамбеков. Білім алу — ең жақсы инвестиция

Тілектес Адамбеков – Мәжіліс депутаты, тәжірибелі кәсіпкер, Президенттік жастар кадрлық резервтің мүшесі.
Қытайдың Тунцзи және Цинхуа топ-университтерінде телекоммуникация мамандығында 6 жыл оқыды. Білім алумен қатар қоғамдық жұмыспен де айналысты, түрлі салаларда жұмыс істеуге де үлгерді.
Қытайда ол қазақстандық студенттер ассоциациясын ашты. Ұйымды басқарғанда оқуға келген студенттерге әртүрлі қолдау көрсетті, тіпті, қытайлық түрмелерден шығуға көмектесті.
Кейін, Шанхайда әріптестерімен бірге консалтанинг-қызметтер көрсететін компания құрды, тайваньдық компанияда қызмет етті.
Бірақ кейін “Қытай маған Отан болмайды” деп елге қайта оралды.
Оның Қазақтандағы еңбек жолы Астана қаласының әкімдігінде басталды. Кейін «Kazakh-Chinese Center of Cooperation «Silk Road», «Astana Innovations», «Astana Invest, Eurasia Blockchain Fintech Group Limited» , «Қазпочта» компанияларында басқарушы лауазымдарда қызмет етті.
Бұл мекемелердің кейбіреулері үлкен болмаса да, олар ірі команиялармен жұмыс істеді
2021 жылы Тілектес Мәжіліс депутаты атанды. Мұнда ол Халықаралық істер қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде цифрлық даму, Қытай Халық Республикасымен қарым-қатынастарды нығайтумен айналысты.
Оның сол кездегі сауалдары – әлеуметтік желідегі агрессиямен күрес мен «Дипломмен ауылға» бағдарламасын жетілдіру қажеттілігі.
Өткен жылғы конституциялық реформаларды үгіт-насихаттау науқанына белсенді қатысты.
Қазір Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі ретінде қызмет етуде.
Оның осы комитеттегі танымал сауалдарының бірі – ішкі миграциядан салдарынан шығатын жұмыссыздық мәселесі. Оның ойы бойынша, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» бағдарламысын қайта қарастырып, солтүстік өңірлерді кешенді дамыту, ескірген инфрақұрылымды қайта құру қажет.
Бұған қоса,Тілектес ұялы байланыс саласын монополиясыздандыру мәселесін көтерді. Оның ойынша, кәсіпкерлерді кіші операторлық компанияларды ашуға ынталандыру қажет. Мұндай бәсекелестік байланыс операторларының қызмет көрсету сапасын арттыруға ықпал етеді.
Жастар мен жас кәсіпкерлерге жиі айтатын кеңесі – ақшаны ең алдымен білімге салу керек. Себебі білім – ешқашан жоғалмайтын ресурс.