Желтоқсаншылар тәуелсіздігіміз туралы не ойлайды?

1986 жылдың 16 желтоқсанында Брежнев алаңына (қазіргі Республика) жиналған мыңдаған жас Д.Қонаевтың қызметтен кетуіне наразылықтарын білдіріп, ҚКОК-нің 1-хатшысы болған Колбиннің орнына қазақ азаматын тағайындауды талап еткен болатын. Жиналған топтың оңайлықпен тарамайтынын білген Кеңес билігі жастарды алаңнан күштеп қуды.
SAYASAT.KZ cол күні басын қосып, ұлт мүддесін қорғаған батыр азаматтардың Тәуелсіздігіміз туралы пікірлерін жинады.
НҰРЛЫБЕК ҚУАНБАЕВ
«Тәуелсіздік ұғымының өзі қасиетті. Бүгінде әлемде 2000-ға жуық ұлттар мен этникалық топтар бар. БҰҰ-да тек 195 тәуелсіз ел бар. Ойланыңыз, 2000 ұлт арасынан тек 200 ғана тәуелсіз мемлекеттерін құра алды. Біз солардың қатарындамыз. Мысалы, қанша ұлт туды мемлекетсіз, жерсіз көтерді. Сондықтан «тәуелсіздік» – бұл қасиетті ұғым және біз оны құрметтеуіміз керек».
ҚҰРМАНҒАЗЫ АЙТМҰРЗАЕВ
«Амангелді Айталы деген академик бар. Ол маған: «Егер 86-шы жылғы көтеріліс болмаса, мен өзімді қазақпын деп сезбей дүниеден өтуші едім”, – деді. Бұл сөздер мен үшін жеткілікті болды. Біз ұлттық рухты көтердік».
ӘРІП ҚАБЛАНОВ
«Мен жастарға айтатыным бар. Олар бұл тәуелсіздікті алу қаншалықты қиын болғанын, бұл тәуелсіздікті мақтан тұтуды, біздің еліміз Қазақстанды өркендетуді, туымыз әрқашан желбіреу керектігін білу керек».
САМАТ ТЕРГЕМБАЕВ
«Бізді университеттерден шығара бастады, жұмыстан қуып, ешқайда орналасуға жол бермеді. Біз (алаңға) шыққанымызға өкінбейміз. Бұл – қазақ намысы. Егер ол кезде дым демесек, кейін өзімізді кешірмес едік. Бұдан да жаман болар еді. Бұл көтеріліс рухымызды көтерді. Осыдан кейін басқалары – балттар шыға бастады, тәуелсіздік пен демократияны талап етіп. Тәуелсіздіктің негізі 1986 жылдың желтоқсанында біздің әрекеттерімізбен салынды»