Қазақстан мен Мажарстан. Еуропадағы туыстарымыз


2 минуты чтения
Қазақстан мен Мажарстан. Еуропадағы туыстарымыз

“Мажарлар – қыпшақ түркілері. Ал Мажарстан (Венгрия) – христиан түркілерінің жері”.

Мұндай нақты этникалық сипаттаманы Мажарстанның Премьер-Министрі Виктор Орбан айтты.

Венгрия көшбасшысының Астанаға төртінші жұмыс сапары қарсаңында, “SAYASAT.KZ” редакциясы Қазақстан мен Мажар елін не байланыстыратынын зерттеді.

Дипломатия

Мажарстанмен мемлекетаралық байланыстар Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінде басталды.

1993 жылы біздің елдеріміз мәдени және экономикалық алмасу үшін өз елшіліктерінің есігін ашты.

Сондай-ақ, біздің елдеріміз Түркі мемлекеттерінің ұйымында тығыз ынтымақтастықта.

Сауда

Экономикалық тұрғыдан қарағанда, Қазақстан Мажарстанға біздің логистикалық әлеуетіміз бен қалыптасқан бағдарларымызбен қызықты. Азиядан Мажар еліне келетін көптеген тауарлар Қазақстан арқылы жетеді.

Мажарстаннан Қазақстанға дәрілік заттар, гигиена заттары, инсектицидтер, гербицидтер, фармацевтикалық өнімдер импортталады.

Достық тұқымдары

Сонымен қатар, Мажарстанның кәсіби деңгейі жоғары салалардың бірі – егіншілік. Қазақстанда еуропалық талаптарға сәйкес ауыл шаруашылығы және аграрлық мамандарды дайындау бойынша жобалар іске асырылуда.

Мажарлық гибридті жүгері тұқымдары, күнбағыс, рапс және соя тұқымдары соңғы жылдары Қазақстанда жақсы өсіп жатыр.

Білім алмасу

Қазақстандық жоғары оқу орындары екі елдің білім министрліктері арасындағы келісім шеңберінде үздік мажарлық университеттермен тығыз ынтымақтастықта. Мәселен, жыл сайын 250 қазақстандық азамат “Хунгарикум”стипендиялық бағдарламасы бойынша Мажарстанның жоғары оқу орындарында оқуға грант алады.

Тегін ұмытпау үшін…

Мажарлар кей-кезде Түркі халықтары мен мадьярлардың үлкен құрылтайы этнофестивалін өткізеді. Оған Қазақстанның ғалымдары, өнертанушылары мен қоғам қайраткерлері қатысады.

Мажарстандағы Карцаг қаласының Қазақстан үшін тарихи маңызы бар. Қалада сегіз ғасыр бойы қыпшақтардың дәстүрлерін сақтап, екі мемлекет арасында “мәдени көпір” құратын кундар (қыпшақ венгрлері) тұрады.

Карцагтың Қазақстанда егіз қаласы бар – Жамбыл облысының Мерке қаласы.

Үйге қайтып, оралғандай…

2015 жылы Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбан қазақ-мажар қатынастарын бір тезиспен сипаттады:

“Біз әрқашанда Қазақстанға үлкен қуанышпен, жеңіл жүрекпен келеміз. Бізді Еуропалық Одақта саяси тең, құқылы серіктес ретінде көреді. Бірақ шығу тегімізге қараса біз олардан алыспыз. Біз Брюссельге барғанда өзімізге жақын адамдарды таппаймыз. Ал, Қазақстанда біздің туыстарымыз бар. Өзімізді үйде сезіну үшін Шығысқа бару қажеттілігі біртүрлі сезім тудырады.»


Рекомендуемые новости