“Мажарлар – қыпшақ түркілері. Ал Мажарстан (Венгрия) – христиан түркілерінің жері”. Мұндай нақты этникалық сипаттаманы Мажарстанның Премьер-Министрі Виктор Орбан айтты. Венгрия көшбасшысының Астанаға төртінші жұмыс сапары қарсаңында, “SAYASAT.KZ” редакциясы Қазақстан мен Мажар елін не байланыстыратынын зерттеді. Дипломатия Мажарстанмен мемлекетаралық байланыстар Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінде басталды. 1993 жылы біздің елдеріміз мәдени және экономикалық алмасу үшін өз […]